| 14-12-2010 SalNur |
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Аллаһты жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жол осы деп әділетті.
***
Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
***
Жартылай мұсылман – жарты адам,
Толық мұсылман – толық адам.
***
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...
***
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
***
Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
***
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
***
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
***
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
***
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап.
***
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
***
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
***
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
***
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
***
Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.
***
Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.
***
Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.
***
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
***
Бес нәрседен қашық бол:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
***
Адам баласының ең жаманы – талапсызы.
***
Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор етеді, кулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
***
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
***
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
(Төле би)
***
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
(Бұқар жырау)
***
Үйі құтты азамат ер бақытты,
Жолықтырса адал жарды-жақұтты!
(В.А.Жуковский)
***
Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
(Жүсіпбек Аймауытұлы)
***
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
(Мұхтар Әуезов)
***
Әлемде адамдар достасулары керек. Олардың бірін-бірі сүюге мәжбүрлей алмаспыз, бірақ мен адамдар арасындағы өшпенділіктердің көзін жойғым келеді.
(Айзек Азимов)
***
Шындық арнайы рұқсатсыз-ақ әлемді еркін аралай береді.
Ғылыми тәжірибе теориядан алыстаған сайын Нобель сыйлығына жақындай түседі.
(Фредрик Жолио-Кюри)
***
Мемлекет басқаруға лайықты жаралғанбыз дейтіндер көбіне-көп ақылы орта, жаны жарымжан адамдар. Міне, солар асқан жігер мен табандылық танытып алға ұмтылады. Ақыры біреуі өлермендікпен үкімет басына жетіп жығылады.
(Ч.И.Амирэджиби)
***
Бір адал адамды ұрып-соғып жатқанда, барлық адал адамдардың жаны қоса ышқынып, аяққа тапталған адамдық асыл қасиеттің азабын бірге шегіп, ашынулары керек.
Өтірік пен жалғандық – өмірдің адамды қорлауының ең бір кең тараған оңбаған түрі.
(Л.Н.Андреев)
***
Өзімізді-өзіміз тежеп ұстай білуге жарты өмірімізді жұмсайды екенбіз.
Әйелдермен ақыл арқылы емес, жүрекпен сөйлесу керек.
(М.Арнольд)










Кешіріңдер дірақ маган керегі бұл емес
маған керегі кешіріңіздер бұл емес еді
Түсінікті жіберу